Жаңалықтар

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесі сіздерді 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығымен шын жүректен құттықтайды.
Жеңіс күні жауды жеңу жолында өздерінің әскери міндеттерін адал атқарған миллиондаған солдаттар мен офицерлердің өмірімен өтелді. Қазақстандықтар ұрыс даласында көзсіз батырлық пен ерліктің небір үлгілерін көрсетті. Біз тылда Ұлы Жеңісті жақындатқандардың да жанқиярлық ерліктерін ұмытпауымыз керек. Соғыс жылдарының ауыртпалығына қарамай көмірлі Қарағандының еңбеккерлері «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен өмір сүріп, жұмыс істеді. Майданға кеткен әкелер, ерлер мен бауырларды станоктарда, шахта забойларында, аурухана кереуетінде әйелдер мен балалар алмастырды.
Ұлы Жеңіс қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарына ашық аспанды тарту етті. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен біз қуатты да гүлденген мемлекет құрдық, оны бүкіл әлем танып, құрметтейді.
Егеменді еліміздің сенімді тірегі біздің ардагерлеріміз болып қала береді, олар бейбіт күндері де жас ұрпаққа баға жетпес тәжірибелерін таратып, жауынгерлік сапта қалып отыр. Сондықтан біздің міндетіміз – аға ұрпақтың мұқтаждарын өтеп, олардың аман-есен тұруы мен лайықты өмір сүруіне қолдан келгеннің бәрін жасау.
Құрметті майдангерлер мен соғыс жылдарының тыл ардагерлері, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңыз бен туған-туысқандарыңызға бақыт пен шаттық тілейміз.

Тілеубек ЗЕЙНЕШЕВ,
Қарағанды қалалық
ардагерлер кеңесінің
төрағасы,
«Парасат» орденінің
иегері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button