Жаңалықтар

Құрметті облыс тұрғындары

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дәл осы күні, 1 желтоқсанда, Тұңғыш Президентіміз сайланып, мемлекеттік дамуымызға оң ықпал еткен Қазақстан Республикасының президенттік институты өмірге келді.

Бұл – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа, тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі ерен еңбегіне деген құрметті паш ететін көпұлтты Қазақ­станның ортақ мерекесі.

Мемлекет басшысы – халықтар бірлігінің, азаматтар құқығы мен өмірінің айнымас кепілі – Ата Заңымыздың нышаны һәм кепілі.

Ұлт Көшбасшысының көрегендігі мен сарабдал саясаты Қазақстанды алға жетеледі, тәуелсіздік жыл­дарындағы қиындықтарды жеңіп, елдің экономикалық дамуының стратегиясын әзірлеуге, күрделі рефор­маларды іске асыруға негіз болды.

Қазіргі күні Қазақстан халқы Президенттің бейбіт­шілік пен келісімге негізделген реформаларын қол­дайды.

Біз Тұңғыш Президент еңбегімен елдегі эконо­ми­каны тұрақтандыру, жаңғырту мәселесін тығыз бай­ланыстырамыз. Тұңғыш Президенттің басшы­лы­ғымен Қазақстан бәсекеге қабілетті және зияткер ұлттың еліне айналды.

Ел Президенті тәуелсіз Қазақстанның барлық же­тістіктерінің бастауында тұрғаны – тарихи шындық. Әлемдік саясат деңгейіндегі жарқын тұлғаның бейнесі – өз халқыңа, өз Отаныңа деген махаббаттың, қызмет көр­сетудің жарқын үлгісі.

Мемлекетіміз өз жетістіктерімен, тыңғылықты жаң­ғыруымен әлемдік қауымдастықта лайықты абыройға ие болды.

Біз өз мемлекетімізді мақтан тұтамыз және ел Президентіне біздің өңірге деген үнемі қамқорлығы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Ұлт Көшбасшысының жіті назары мен қамқорлығы бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сол себепті, біздің облыс – Мемлекет бас­шысының экономикалық және саяси тірегі болып қала бермек.

Қазіргі күні Қазақстанның әрбір азаматы Мемлекет басшысының сарабдал саясаты нәтижесінде, тәуелсіз әрі гүлденген Қазақстанның болашаққа деген құлшынысын терең түсініп, қолдауы тиіс деп сенеміз.

Қарағанды облысының барлық тұрғындарына зор денсаулық, отбасылық амандық, бейбіт және бақуат­ты өмір, ұзақ ғұмыр, ортақ Отанымыз – Қазақстан Рес­публикасының гүлденуі жолындағы істеріңізге жеміс тілейміз!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

облыстық мәслихат хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button