Құрметті облыс тұрғындары!

1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні. Дана халқымыз «Балалы үй – базар» деп бекер айтпаған. Балаларымыздың дұрыс қалыптасып, дамуы үшін қолайлы жағдайды дер кезінде жасап, олардың өз таланттары мен қабілеттерін толық танытуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Сонда ғана ертеңгі күні олардың дені сау, білімді, тәрбиелі азамат болып өсетіні анық.

Өскелең ұрпаққа танытқан шынайы көңіліміз бен махаббатымыз, мейіріміміз, бұл – болашаққа салынған ең құнды инвестиция. Отбасыға қамқорлық таныту, әрбір баланың дамуы үшін барлық жағдайды жасау – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бүгінгі таңда біздің облыстағы барлық оң өзгерістердің негізгі мақсаты – өңірдегі өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.

Балаларымызға тәрбие беріп, олардың ертеңгі күні елінің патриоты болып өсуіне еңбек сіңіріп жатқан барлық азаматтарға осы мерекеде ерекше алғысымызды білдіреміз.

Қадірлі ата-аналар, сіздерге және сіздердің балаларыңызға шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт және риясыз қуаныш тілейміз!

 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы