Қарағанды

Құрметті қарағандылықтар мен қала қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл айрықша салтанатты күн еліміз үшін ерекше мәнге ие.

Қазақстан Республикасының тарихи даму жолының ерекшелігі мен басқа мемлекеттер қатарындағы айқындығын көрсететін мемлекеттік рәміздеріміз мазмұны мен мағынасы бойынша маңызды жалпы адамзаттық құндылықтар – адамгершілік, келісім мен бейбітшіліктің белгісі болып табылады.

Бар болғаны 25 жыл – тарих үшін бір сәт болса, халқымыз ғасырлар бойы армандаған оқиғалар мен жетістіктерін қамтиды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері – мемлекетіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктерінің куәгері болып табылатын нағыз жарқын бренд. Бүгінгі күні Қазақстанның рәміздері бүкіл әлемге танымал болуы, еліміз үшін мақтаныш сезімін тудырады.

Мемлекеттік Рәміздер еліміздің бейнесі болып қана қоймай, халыққа патриотизм мен Отанға деген махаббат сезімдерін дағдыландыруда үлкен рөл атқарады. Республикамыздың әр азаматы кішкентай кезінен бастап туымыз бен елтаңбамыздың бейнесін біле жүріп, әнұранның сөзін еске сақтайды. Патриотизмнің рухы әрқайсысымызда балалық шақтан бері тәрбиеленеді.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады». «Туған жер» бағдарламасы аясында нағыз ұлттық патриотизм үлгілері насихатталуда.

Бұл жоғары идеалдарға біз ең алдымен жас ұрпақты баулуымыз қажет. Ертеңгі күні олар мемлекетімізді жаңа жетістіктер мен табыстарға әкелетін болады.

Мемлекеттік рәміздер әр мемлекет дамуының ажыратылмас бөлігі, ұлттық мақтанышы, ел тарихы, мемлекеттік тілі мен дәстүрлеріне деген құрмет көзі болып табылады. Оларға деген құрмет – адамдардың мемлекет азаматтығын сезінуі, болашаққа деген сенімі мен патриоттығының көрсеткіші.

Елбасы «Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату» деп айтқан. Осы мазмұны бойынша терең мәнді сөздің ерекше мағынасы бар. Өз еліне деген шексіз махаббат пен нағыз патриоттық сезімдерінсіз нағыз азамат, нағыз адам болу мүмкін емес.

Құрметті жерлестер!

Осы мереке күні Сіздерге аман-саулық, бақыт пен бейбітшілік тілеймін! Отанымыз Қазақстан гүлдене берсін, Тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбірей берсін!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button