Жаңалықтар

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Өзінің көп жылдық тарихында бұл мереке табиғаттың жаңаруы, рухани тазару, халқымыздың дәстүрлерін сақтаудың нышанына айналды. Мерекенің қайта жаңғырғанына көп уақыт өтпесе де, бұл оған жаңа мән-мағына берді. Наурыз – барлық қазақстандықтар үшін бауырластық пен тұрақтылықтың нышанына айналды.
Ата-бабаларымыз көктем оң өзгерістер әкеледі деп күтті. Ал, бүгінгі таңда мереке күндері жеткен жетістіктеріміз зерделеніп, өткенге көз жүгіртіп, болашаққа жоспар жасалады.
Биылғы Наурыз азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен қадам жасалуымен ерекшеленеді. Елбасымыз көтерген 5 әлеуметтік бастаманың игілігін еліміздің мыңдаған тұрғындары сезінетін болады.
Бастамалар баспана қолжетімділігін, білім­нің жаңа сапасын, икемді салық саясатын қарастырады, ал ең бастысы – облыс тұрғындарының 70%-ын қамтитын газдандыру жобасы болып табылады.
Біздің мақсатымыз – өңіріміздің әр тұрғыны мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясатын пайдалана алуы үшін осы бастамаларды табысты жүзеге асыру.

Қадірлі жерлестер!
Көктемнің осы бір тамаша күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға табыс тілейміз!
Наурыздағы көктем күнінің жылуы әр үйге береке мен қуаныш әкелсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Ерлан ҚОШАНОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Серік ӨТЕШОВ,
облыстық мәслихат хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button