Жаңалықтар

Құрметті Қарағанды қаласының арулары! Ардақты аналар! Аяулы қыз-келіншектер!

Баршаңызды бүгінгі 8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күнімен құттықтаймыз!
Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесін бәріміз асыға күтеміз.
Гүл көктемнің алғашқы мерекесі – әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай жайма-шуақ күйге бөлейтін жарқын мейрам. Өйткені, әйел ана – өмірдің өзі, бақ пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні.
Сондықтан да, 8 наурыз – әйелдердің Халықаралық мерекесінің орны бөлек.
Бүгінде, алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі – біздің басты байлығымызға айналып отыр. Бойымыздағы ізгілік пен құт-береке атаулы сол ананың жүрегінен бастау алады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» деп атап өтуі, біздің қоғамдағы әйел-аналар орнының биіктігін көрсетеді.
Қазіргі кезде қоғамның кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес.
Сіздер адал жар, қамқор ана, сенімді дос қана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып, заман талабына сай қызмет атқарып жүрсіздер.
Қарағандының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына араласып жүрген әйел заты, қаланың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, кәсіпкерлік пен өндіріс саласында ерлермен тең жұмыс атқаруда. Әйелдер ел алдында түрлі саланың қызметкерлері болғанымен, отбасында – аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйытқысы. Ал тәрбиелі отбасы – бақытты болашақтың ұясы екендігі даусыз.
Сұлулық пен нәзіктіктің иесі – Сіздерді осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті арулар! Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, ырыс-береке, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!
Мереке құтты болсын!

Н.ӘУБӘКІРОВ,
Қарағанды қаласының әкімі.
Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,
Қарағанды қаласы
мәслихатының
хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button