Жаңалықтар

Құрметті агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері!

Қалыптасқан дәстүр бойынша, қарашаның үшінші жексенбісінде біз аса маңызды кәсіби мерекелердің бірі – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өтеміз!

Бұл мереке – өзінің ынта-жігерімен, еңбекқорлығымен дастарқанымызға дәмді де пайдалы ас тосқан барлық азаматтарға деген шынайы ықыластың белгісі. Сіздер,  Жер- Анамызға аялы алақан жылуы мен қамқорлық шуағын төгесіздер. Жан аямай еңбек етіп, бойдағы дарындарыңызды сүйікті іске бағыттайсыздар!

Мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аграрлық секторды дамытуға және ел экономикасының дамуына Сіздердің қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз!

Осы жыл ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жылы болып отыр.

Ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыруға, ауқымды ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға, өнімді өңдеуге және жұмыс жасап тұрған өткізу жүйесін қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді барынша қамти отырып, мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен қолжетімділігіне, сонымен қатар, мақсатты бағытталған экспорт саясатын жүзеге асыруға және қазақстандық брендті дамытуға бағытталған агроөнеркәсіп кешеніндегі бұдан әргі  мемлекеттік саясат белгіленді.

Отандық агроөнеркәсіп кешенінің болашағы сіздердің қажырлы еңбектеріңізбен, сарқылмас білімдеріңізбен  және маңызды тәжірибелеріңізбен тікелей байланысты.

Мұның барлығы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бас­тар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында  алға қойылған ауқымды мәселелерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сеніммен айтуға болады.

Сіздерге шын жүректен қолайлы ауа райын, берекелі де құнарлы топырақты, аса зор түсімді және лайықты кірісті тілейміз. Еңбектеріңіз бен төккен терлеріңіз әрдайым таңдай қақтырар табыспен түйінделіп, амандық пен саулыққа арқау болсын! Сіздерге сәттілік серік болып, денсаулықтарыңыз зор болсын, алдағы алар асуларыңыз азаймасын дегіміз келеді.

Ауыл шаруашылығы саласымен ғұмырын сабақтастырып, өмірінің анағұрлым бөлігін осы салаға арнап, оның дамуына айтарлықтай үлес қосып келген аграрлық сектордың ардагерлеріне ерекше алғыс білдіріп, зор құрметімізді жеткізсек пе дейміз. Қиын да қажетті еңбектеріңіз үшін мың алғыс!

Береке мен молшылық мерекесі құтты болсын!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

облыстық мәслихат хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button