Басты тақырыпСпорт

Құрлық рекорды – еншімізде

     Өскеменде өткен ел чемпионатында Қарағандының жеңіл атлеттер құрамасы Азия рекордын жаңартты.

Желмен жарысқан жүйріктер Виталий Земс, Владислав Григорьев, Вячеслав Земс, Давид Ефремов 4х200 метрлік эстафетаға жүгіріп, аталған қашықтықты 1:26:70 минутта бағындырды. Осылайша, қарағандылық жеңілатлеттер Азияның үздік көрсеткішін орнатты. Бұл расымен де бөркімізді көкке ататын қуанышты жаңалық. Осыған дейінгі рекордты Жапония құрамасы 1991 жылы 200 метрді 1:27.04 минутта жүгіріп өтіп жаңартқан. Бір айта кетері, қарағандылық атлеттердің осы көрсеткішін ҚР Жеңіл атлетика федерациясы Азия жеңіл қауымдастығына жіберетін көрінеді.

Кейінгі жылдары Қазақстан кубогымен салыстырғанда чемпионатта ерлер арасындағы эстафетада қатысушылар саны көбейген. Кубокта бар-жоғы 2 құрама өнер көрсетсе, бұл жолы медаль үшін 8 команда бағын сынаған. Ол кезде Павлодар спортшылары үздік шықса, осы жолы керекуліктер екінші орынды місе тұтқан. Үздік үштікке Ақмола облысының эстафеташылары жайғасқан.

Тәжірибелі бакер Николай Барсановтың шәкірттері Виталий Земс, Владислав Григорьев, Вячеслав Земс, Давид Ефремов бұдан да жоғары нәтижелерді орындауға серт байласып отыр. Қарағанды жұрты ұмыта қоймаған шығар. Жеңілатлет Вячеслав Земс 19 жасында Өскеменде жалауы желбіреген ел Кубогының бірінші кезеңінде 60 метр қашықтықта жеңіске жетіп, облыс абыройын аспандатқан еді. Сол жолы кедергілермен жүгіруден көшбасшы атанған Вячеслав Земс жаңа жеке рекордын орнатқан болатын.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button