Спорт
Құрлық мықтысы
Қарағандылық балуан биіктен көрінді. Түркіменстан астанасы Ашхабадта өткен жабық ғимараттағы V Азия ойындарында жерлесіміз Бейімбет ҚАНЖАНОВ алтыннан алқа тақты.
Бейімбет самбо күресінен 52 келі салмақта сынға түсті.
Биыл самбо Азия ойындарының тізіміне алғаш рет енгізіліп отыр. Сондықтан, Бейімбеттің алтыны – қазақстандықтардың осы спорт түрінен құрлық ойындарындағы алғашқы медалі.
Балуанның бапкері Қайдар Қанжановтың айтуынша, Бейімбет үшін Азия ойындары – Әлем кубогінен кейінгі биылғы маңызды дода болды.
Бейімбет – Ақсу-Аюлы кентінің тумасы. Бүгінде Осакаров аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етеді.
Нұрқанат ҚАНАФИН