Спорт

ҚҰРЛЫҚ КУБОГІНІҢ ҚОЛАСЫ

Шет ауданының тумасы Сырым МҰҚАТАЙ дзюдодан жастар арасындағы Азия Кубогінің қола жүлдегері атанды. Аталған турнир Қазақстан дзюдо федерациясының Құрметті президенті Бекет МАХМҰТОВТЫҢ құрметіне өткізілді.
Жарысқа ел балуандарымен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея мен Түркиядан келген 150-ден астам спортшы қатысты.
Байрақты бәсеке екі күнге созылды. Сырым қайратын танытты. 73 келі салмақ дәрежесінде күресіп, қола жүлдені қанжығалады.
Жас балуан ҚарМУ дене шынықтыру және спорт факультетінің ІІІ курс студенті. Сондай-ақ, облыстық кешенді спорт мектебінде жаттығып жүр.
Бүгінде бапкерлер Қайрат Жұмабек пен Дәурен Қожин балуанды алдағы үлкен додаларға дайындауда.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button