Республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы тоқтады
«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша ауа-райының нашарлауына байланысты (температураның төмендеуі) Республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде қоғамдық және дизельді автокөліктердің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

– «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1426-1353 км, Теміртау қ. ақы алу пункті – Ақмола облысының шекарасы);
– «Екатеринбург-Алматы» а/ж (1505-1610 км, Қарағанды қ. – Жамбыл облысының шекарасы);
– «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» а/ж (51-266 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы).
– «Қалқаман – Баянауыл-Үміткер-Ботақара» а/ж (324-231 км, Ботақара кенті – Павлодар облысының шекарасы.
– «Қызылорда-Павлодар» а/ж (967-1135 км, Қарағанды қ. – Павлодар облысының шекарасы);
– «Қызылорда-Павлодар» а/ж (967-789 км, Қарағанды қ. – Ұлытау облысының шекарасы;
– «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» а/ж (17-320 км, Қарағанды қ. тас жолы – Абай облысының шекарасы);
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.