Республикалық ақындар айтысы өтті
Ұлыстың Ұлы күнінде Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы өтті.
Айбек Қалиев, Айтбай Жұмағұл, Дидар Қами, Мақсат Ахан бастаған аузымен құс тістеген дүлдүл ақындар сөз сайыстырды.
Серік Ақсұңқарұлы, Ғалым Жайлыбай, Қойлыбай Асан және басқа да сөз өнерінің саңлақтары қазылық етіп, өте тартысты өткен айтулы аламанда жүзден жүйрік мыңнан тұлпарды анықтады.
Екі кезең бойы шашасына шаң жұқтырмай шын жүйрік екенін көрсеткен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан Бас жүлдені еншіледі.
Айтыс туралы газетіміздің алдағы санынан кеңірек танысасыздар.
Жәлел ШАЛҚАР.
Ortalyq.kz