Спорт

Рейтингтегі орнынан айырылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте екі сатыға төмендеді.

Жаңа рейтинг 22 желтоқсанында жарияланды. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 115-орынға тұрақтады. Бұған дейін 113-орында болған. Жалғыз ел құрамасы емес, басқа да элиталық құрамалардың рейтингтегі орны өзгерген. Бұған дейін Бразилия, Бельгия, Аргентина, Франция, Англия құрамалары үздік бес клубтың, Италия, Испания, Нидерланд, Португалия, Дания құрамалары үздік ондыққа енген. Жаңа рейтинг бойынша Белгия, Италия және Испания құрамалары өз орнынан төмен түскен. Қазір Бразилия, Аргентина, Франция – үздік үштіктің қатарында. Одан кейін, Белгия, Англия, Нидерланд, Хорватия, Италия, Португалия Испания құрамалары көшті жалғап тұр.

Ал, әлем чемпионатында үлкен сенсация жасаған Марокко құрамасы 22-орыннан 11-ші орынға көтерілген.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button