Аймақ

Референдумға ұлттық киіммен келді

Приозерск қаласының тұрғындары, өнегелі отбасы Абдрахим Дүйсенбаев пен Бимария Жамбылбайқызы референдумға ұлттық киіммен келді.

Сурет участке төрағасынан

Биыл 70 жасқа толған ардагерлер еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытатындығын жеткізді.

– Жасымыз 70-ке келді. Мен референдумда, Президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергенмін. Бүгін міне, тағы да келдім. Бүгінгі маңызды күнде дауысымыздың аса құнды, пікіріміздің алтыннан қымбат екендігін ұмытпасақ игі еді. Себебі, халық – мемлекеттің басты қозғаушы күші. Ұлттық киім киіп, қазақтың дәстүрін ұлықтап жатырмыз. Аға ұрпақ кейінгілерге жол көрсетуіміз керек. Дауыс беру процесі штаттық режимде өтіп жатқаны да көңілге сенім ұялатады, – деп батасын берді ақсақал Абдрахим Дүйсенбаев.

Өз тілшімізден.

ПРИОЗЕРСК

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button