Спорт

Құрамаға алынды

Теміртаулық балуан Әсет БУРИЕВ грек-рим күресінен жастар құрамасы қатарына қабылданды. Осылайша, Семейде өткен республикалық турнирде чемпион атанған Әсетке құрама бапкерлері үлкен сенім білдірді.

Он сегіздегі жігіт Қарағандыдағы Ә.Молдағұлова атындағы спорт мектеп-интернатында оқиды. Жас өрен Семейде 97 келіге дейінгі салмақта күресіп, қарсылас шақ келтірмеді. Қарағанды абыройын асқақтатып, турнирдің алтын медалін олжалады.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Back to top button