Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

«ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі табысталды

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шара өтті. Аталған шара барысында Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына, ел егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін білім, мәдениет және спорт, еңбек ұжымының өкілдеріне «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медаль табысталды.

Салтанатты шарада 67 білім, мәдениет және спорт, еңбек ұжымының өкілдері мерекелік медальмен марапатталды. Олардың ішінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Бақытгүл Әбдікерова, «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы Майра Әбдірахманова, Қарағанды қаласының еңбек ардагері Ғазалиев Арстан, «Қазтұтынуодағы Қарағанды Университеті» ЖММ проректоры Қосман Әбілов,Қарағанды облысының білім басқармасы» басшысының орынбасары Бақтыгүл Әдекенова, Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің басшысының орынбасары Владимир Антонов, «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің директоры Қамбар Ахметов, Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Любовь Багирова, Гимнастикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушы-жаттықтырушысы Ботакөз Байбакушева, Орталық Қазақстан академия «Лингва» ғылым және білім орталығының директоры Нұрсұлу Бөкетова, Мемлекеттік қызмет ардагері Құралай Бекмағамбетова бар.

Басқа материалдар

Back to top button