«Qazaq Banki», «Астана Банкі» және «Қазақстан Эксимбанкі» салымшыларының назарына

 Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры таратылып жатқан банктерде салымдары бар  жеке тұлғаларға және  кәсіпкерлерге өтемақы төлеуді  жалғастырып жатыр.

ҚДКҚ  салымшыларға жеке тұлғаларға қызмет көрсететін  кез келген бөлімге жүгінуді ұсынады:

· 24 маусымға дейін- «Qazaq Banki» АҚ салымшылары (банк-агент – «Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ;

· 26 шілдеге дейін- «Астана Банкі» АҚ салымшылары (банк-агент – «Еуразиялық Банк» АҚ;

· 4 тамызға дейін- «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшылары (өтемді төлеу «Қазпочта» АҚ-ның орталық бөлімшесі арқылы жүргізіледі).

Сұрақтар бойынша және ҚДКҚ-ның мамандарынан депозиттер бойынша кепілдік беру туралы кеңес алу үшін мына мекенжайға жүгінуге болады:

· 1460 (тегін) байланыс нөмірі бойынша ҚДКҚ-ның колл-орталығына;

· ҚДКҚ-ның телеграм-чатына: @KDIF_Ask;

· Facebook-тегі ҚДКҚ-ның ресми парақшасына: @KDIFKZ, Instagram: Deposit_KZ.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»

РММ Қарағанды филиалының баспасөз қызметі