АймақҚарағанды

Qarmet металлургиялық зауытында екі адам қаза тапты

Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі жұмысшы биіктіктен құлап қаза тапты.

Сурет: Qarmet

– Бүгін сағат 9:20 шамасында химиялық блок ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстарын орындау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан “Қазмеханомонтаж” ЖШС мердігерлік ұйымының екі жұмысшысы биіктен құлады, – деп хабарлады “Qarmet” АҚ баспасөз қызметі.

2005 жылы туған Д.Иманғалиев пен 1986 жылы туған Ю.Самойлов оқиға орнында қайтыс болған.

Жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды.

Басқа материалдар

Back to top button