Жаңалықтар

Qarmet ИННОПРОМ-2026 көрмесінде i шешімдерін ұсынды

Qarmet компаниясы 6–9 шілде аралығында Екатеринбург қаласында өтіп жатқан XVI Халықаралық өнеркәсіптік ИННОПРОМ-2026 көрмесіне қатысты.

Ірі өнеркәсіптік алаңдардың бірі 50-ден астам мемлекеттің өкілдерін біріктірді. Ұлттық экспозицияларын Қазақстан, Индонезия, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан ұсынды.

Көрмеге Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан үкімет басшылары – Олжас Бектенов, Михаил Мишустин, Никол Пашинян, Александр Турчин және Адылбек Қасымалиев келді. Іскерлік бағдарламаға сондай-ақ Индонезия, Иран, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, БАӘ, Вьетнам және басқа да мемлекеттердің үкімет өкілдері қатысты.

Қазақстан делегациясы құрамында Qarmet өндірістің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерін таныстырды. Олардың қатарында компанияның барлық көмір шахталарында енгізілген позициялау жүйесі және видеотелематика жүйесі бар.

«Биыл біз көрмеде жер асты қазбаларында қызметкерлердің орналасқан жерін нақты уақыт режимінде анықтауға, газдану деңгейін және өндірістік процестерді бақылауға мүмкіндік беретін позициялау жүйесін таныстырдық. Төтенше жағдайлар туындаған кезде бұл технология персоналдың орналасуын жедел анықтауға, қызметкерлермен байланыс орнатуға және авариялық-құтқару бөлімшелерінің әрекетін үйлестіруге көмектеседі. Біз көмір өндірісін цифрландыру саласындағы тәжірибемізді халықаралық алаңда таныстыруға және жетекші өнеркәсіптік компаниялармен озық тәжірибе алмасуға қуаныштымыз. Qarmet үшін заманауи технологияларды енгізу – ең алдымен қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру, өндіріс тиімділігін көтеру және технологиялық процестер мен еңбек жағдайларының сенімділігін қамтамасыз ету», – деді Qarmet компаниясының тұрақты даму және стратегиялық коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры Ербол Исмаилов.

ИННОПРОМ-2026 көрмесіне қатысу Qarmet-ке тау-кен өндірісін цифрландырудағы практикалық тәжірибесін таныстырып, халықаралық өнеркәсіптік алаңда компанияның технологиялық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді.

Qarmet компаниясының баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button