АймақҚарағанды

Шет ауданында 4 жыл бойы заңсыз темір рудасын өндірген кәсіпорынға қатысты үкім шықты

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады.

Сурет облыстық прокуратурадан

Аталған деректер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Тергеу барысында облыстағы кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы лицензиясыз темір рудасын заңсыз өндіріп, өндірілген шикізатты шетелге экспорттап келгені белгілі болды.

Прокуратура мәліметінше, заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 миллиард теңгеден асты.

– Тергеу барысында үш күдікті қамауға алынып, жалпы құны 360 миллион теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс бойынша прокуратура органдары мемлекеттік айыптауды қолдады. Іс Қарағанды облысының Шет аудандық сотында қаралып, нәтижесінде үш сотталушы жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкіміне сәйкес, айыпталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында. 

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button