Спорт

Qaragandy Half Marathon: Қарағандыда жүгіру марафоны өтеді

Қарағандыда 28 мамырда дәстүрлі Qaragandy Half Marathon спорттық іс-шарасы өтеді. Жартылай марафонды ұйымдастырушы – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Жарыстың өтетін орны – «Қарағанды-Арена» Мұз Сарайының алаңы.

Басталуы-08.00.

Қашықтықтары: 21 км 97,5 м (18 жастан жоғары); 10 км (18 жастан жоғары); 5 км (15 жастан жоғары); 2 км (9 жастан 14 жасқа дейін) және «Экиден» жарысының жаңа түрі 21 км 97,5 м (командалық эстафета, 16 жастан асқан және одан жоғары алты қатысушы). 

Таңдалған қашықтықты жүгіргісі келетіндердің барлығы https://qaragandy-halfmarathon.kz  ресми сайтына тіркеліп,  бастапқы жарнаны (2 км қашықтықтан басқа) енгізулері қажет. Жарыстарға мүмкіндігі шектеулі жандар да қатыса алады.

Тіркеу 21 мамырда немесе жартылай марафонға 3200 қатысушыға, соның ішінде 25 «Экиден» командасына жеткен кезде аяқталады. Бастапқы жиынтықтарды беру 23-26 мамырда сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін Қарағанды қ., Комиссаров көшесі, 45а, Қазбек Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежі мекенжайында өтеді.

Әр қашықтыққа қатысушылар естелік медальдармен және сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Толық ақпарат: https://qaragandy-halfmarathon.kz.

Егер «Экиден» командалық эстафетасы бойынша сұрақтар туындаса, +7 700 022 6281 WhatsApp-қа хабарласуыңызды сұраймыз

Жүгіру-бұл спорт қана емес, сонымен қатар өмір салты! 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button