Жаңалықтар

Полицейлер – қатарда

         Қарағандыдағы ІІМ Б.Бейсенов атындағы академиясының түлектері, 55 жас офицер  полиция сапына қосылды.

Жоғарыда аталған 55 жас офицердің 16-сы нәзік жанды арулар. Олардың барлығы да Қарағанды облысының ішкі істер органдарындағы тергеу, анықтау және жедел криминалистикалық бөліністерінің қатарын толықтырады.

Жас офицерлерге құттықтауын жеткізген Қарағанды облысының ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров: «Күнделікті қызметте сіздер барлық оқыған білімдеріңізбен түйген өнегелеріңізді, академия қабырғасында алған тәжірибелеріңізді жүзеге асырасыздар. Қазақстан халқының қауіпсіздігін қолдағы қарумен ғана емес, өздеріңнің кәсіби шеберліктеріңмен, ар-абыройларың арқылы қорғауға тиістісіздер. Сонда ғана мемлекетіміздің болашағы зор болады», – деді. Сондай-ақ, ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев курсанттарға ақ жол тіледі.

Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button