Бас тақырып

Полицейлер аймақта бірнеше мал ұрлығының бетін ашты

Аймақта криминалдық полиция қызметкерлері жедел түрде жергілікті тұрғындарға қомақты шығын келтірген мал ұрлығының фактілерін ашты. Жедел іздестіру шаралары барысында 71 жастағы фермердің қорасынан 13 бас ірі қара малын ұрлады деген күдікпен 27 және 33 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды.

Сурет пен видео департаменттің баспасөз қызметінен

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн. теңге. Ұсталғандар мойындау көрсетпелерін берді. Сот күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Сонымен қатар, полицейлер сол ауданда орын алған тағы екі қылмыстың бетін ашты. Олардың бірі 27 жастағы ер адамның ұрлығы. Ол 45 жастағы жергілікті тұрғынның бір жарым жасар бұқасын ұрлағанын мойындады. Ұрланған мүлік тері және бес дорба ет түрінде ішінара тәркіленді.

Тағы бір оқиға бойынша 59 жастағы ауыл тұрғынының жылқысын ұрлады деген күдікпен 24 жастағы жігіт ұсталды. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады.

Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Жыл басынан бері аймақта мал ұрлығының 26 фактісі тіркеліп, 18-ін ашылды. Полицейлер ұрланған 263 бастың 196-сын иелеріне қайтарды.

Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкін қорғау үшін сақтық шараларын сақтауды және кез келген күдікті әрекет туралы дереу хабарлауды ескертеді.

Полицейлер қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығына кепілдік береді және аймақ тұрғындарынан қырағылық танытуды сұрайды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button