Жаңалықтар

Полиэтиленді пакеттер зиянды

    Бүгінде еріктілер полиэтиленді пакеттердің зиянды әсері туралы халық арасында кеңейтілген насихатты өткізіп, үндеу парақтарын таратуда. Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІҢ айтуынша, ел нарығында полимерлік қаптама өндірісімен айналысатын 50-ден аса компания жұмыс істейді екен.

Қазіргі уақытта сол компаниялардың бірнешеуі Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Шымкент қалаларында жұмысын жандандыруда. Жұртты толғандырған мәселеге қатысты Инвестициялар және даму министрлігі полиэтиленді шектеу немесе оған тыйым салуды жан-жақты зерттеуде. Оған көшуді бірнеше кезең арқылы іске асырғанды жөн көріп отыр. 1 кезең – полиэтилен пакеттердің тегін берілуіне тыйым салу. 2 кезең – полиэтилен пакеттердің сатылуына тыйым салу. Тіпті, ұсынысты «Атамекен» ҚР ҰКП мен «KazWaste» мекемесінің қарауына жібергендігін Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Бірақ, Министр елдегі тұрмыстық қалдықтармен айналысатын «KazWaste» мекемесінің жоғарыда айтылған бірінші кезеңді қолдайтынын, ал екіншісімен олардың келіспейтінін тілге тиек етті. Өйткені, Қазақстанда полиэтилен пакеттер азық-түліктің гигиеналық талаптарын сақтауға сеп болса, сондай-ақ, полиэтилен өндірісінің арқасында қаншама қазақстандық екі қолға бір күрек тапқан.

Айта кетейік, орта есеппен полиэтиленді пакеттер 20 минут пайдаланылады, бұл ретте олардың ыдырау уақыты 100 жылдан 500 жылға дейін мерзімді қамтиды. Қазіргі күнге, 40-қа жуық шет елдерде (Еуропалық одақ елдері, Аустралия, Сингапур, Бангладеш және басқа да) полиэтиленді пакеттердің айналымын төмендетіп немесе қолдануға тыйым салған. Ал елімізде 2018 жылы ҚР Энергетика министрлігімен полиэтиленді пакеттерді тегін жүзеге асыруға тыйым салу бойынша еліміздің қолданыстағы заңнамасына өзгертулер енгізілмекші.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button