Плей-офф-қа соңғы мүмкіндік

Қазақстан құрамасы Ригада (Латвия) өтіп жатқан әлем чемпионатында В тобындағы соңғы ойынында ұтылып қалды. Норвегиямен өткен матч 1:3 есебімен қарсылас пайдасына шешілді. Шешуші кездесуде ұтылған ел құрамасының енді плей-офф кезеңіне өтуіне соңғы мүмкіндігі бар.


Кездесуде отандастарымыз 16-шы минутта есеп ашты. Шайба авторы – Дмитрий Шевченко. Алайда, 37-ші минутта норвегиялық шабуылшы Томас Ольсен таразы басын теңестірді.
Ал, 41-ші минутта – Стефан Эспеланн, 49-шы минутта – Матис Олимб қақпадан саңылау тапты.
Қазақстан құрамасы – турнир кестесінде 10 ұпаймен ІІІ орында. Ал, 15 ұпай жинаған Финландия құрамасы көш бастап тұр. Германия, Канада, Латвия құрамалары – 9 ұпаймен V-VII орындарда. Егер, соңғы үш команда қарсыластарынан ұтылған жағдайда ел құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алады.