Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

Пікірсайыстар өтуде

Дебат ойындарын дамыту аясында облыста оқыту курстары өтуде. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жоғары оқу орындары және колледждер студенттері, жалпы білім беретін мектептер оқушылары үшін «QPB ODK» youtube-арнасының платформасында ұйымдастыруда.

Тікелей эфирлер облыс жастары арасында дебат қозғалысын насихаттауды көздейді. Оқыту дебат ойындарының үш форматы бойынша американдық-парламенттік, британдық-парламенттік, Линкольн – Дуглас курстардың онлайн оқытуларынан тұрады. Алғашқы күн оқыту форматында өтсе, келесі күндері қатысушылар FAQ сессиясы (формат бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және ұсынымдар) және практикалық ойындарға қатысады.

Американдық парламенттік форматты талдау бойынша алғашқы курстарға қазақ лигасында Қарағанды облысындағы студенттер арасындағы дебат қозғалысы көшбасшыларының бірі Өмірбек Камен, орыс лигасында студенттер арасындағы республикалық дебат турнирінің бас төрешісі тәжірибесі бар спикер Дариға Ақбаева сөз сөйлейді.

Дебаттар жыл соңына дейін жалғасады. Әсіресе, көптеген дүниелер жаз айларында онлайн форматта өтеді. Бүгінгі таңда жастар арасында дебат түсінігі қалыптаспаған. «Көп сөйлесең – жеңесің» деген стеоротип бар. Дебат бірінші кезекте дұрыс ойлаумен тікелей байланысты. Сондықтан, жастар арасында дебат туралы түсінік қалыптастыру маңызды. Екінші «Пікірсайысшы деген кім?» деген сауалға жауап іздейміз. Кейін оқу мен тренингтар нәтижесін ескер отырып жыл соңында турнир өткізу жоспарланған, – дейді облыстағы пікірсайыс қозғалысын дамыту жобасының жетекшісі Абай Отарбаев.

Курстардың келесі сериясы Британдық парламенттік форматта оқыту бойынша 17-22 мамырға жоспарланған. Курстардың соңғы сериялары Линкольн-Дуглас форматын оқытумен аяқталады. Барлық сериялары нақты уақыт режимінде Stream платформасы арқылы өтетіндіктен, кез-келген адам тікелей эфирде немесе YouTube каналындағы жазбаларды көре алады.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button