Руханият

PIAAC зерттеуі

           2017 жылғы    1 тамызда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық PIAAC зерттеуі Қазақстанда алғаш рет бастау алды.

Бұл – халықтың оқу, математикалық және ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын анықтайтын кең ауқымды халықаралық зерттеу.

Сауалнамаға және тестілеуге 16-65 жастағы 6000 қазақстандық қатысады. Зерттеуге халықаралық іріктеумен таңдалған елдің барлық өңірлерінің ересек халқы қатысады.

Зерттеу еліміздің ересек халқы өздерінің күнделікті өмірінде оқу, ақпаратты іздеу және компьютерлік технологияларды қолдану сияқты әрекеттерді қалай қолданатындарын анықтауға, сондай-ақ, олардың білімі және жұмыс тәжірибесі туралы білуге мүмкіндік береді. Осы ақпарат Қазақстанның адами ресурстарының дамуы туралы нақты мәлімет алуға көмектеседі. Зерттеудің нәтижесі бойынша ЭЫДҰ-мен берілген маңызды ақпараттық материал елімізге жұмысбастылықты арттыруға және жұмыссыздықты төмендетуге арналған өмір бойы оқу бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің нәтижелері құпия ақпарат болып табылады және жалпыланған түрде берілетін болады. Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 88 89 тегін телефон желісіне хабарласуға немесе www.piaac.kz веб-сайтынан ақпаратты нақтылауға болады.

PIAAC-тың Қазақстандағы Ұлттық үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ болып табылады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button