ЖаңалықтарҚарағанды

Педагогтар ағылшын тілін үйренуде

Елбасы Н.Назарбаев кезекті бір Жолдауында «қабылданған бағдарламаға сәйкес білім саласын жаңғыртуды жалғастыру – әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы», – деп атап көрсеткен еді. Сондықтан, Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Солардың бірі – орта білім беру саласында үш тілде оқу бағдарламаларын енгізу аясында педагогтарға ағылшын тілін үйрету.

2017-2018 жылдағы оқу жылынан бастап 5 сыныпқа көшкен оқушылар кей пәндерді ағылшын тілінде оқитын болады. Себебі, 2013 жылы олар бірінші сыныпқа келген кезде ағылшын тілінде білім беру қолға алынған. Жоғары сыныптарды ағылшын тілінде оқытуға дайындық осылай басталған. Енді жоғары сыныптарда физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде өтеді. Сонымен бірге, 5 сыныптан бастап ағылшын тілінде аталған төрт жаратылыстану пәні бойынша терминология оқытылады. Осыған орай, курстан өткен ұстаздар ағылшын тілін үйреніп, жаратылыстану пəндері бойынша термин сөздерді ағылшын тілінде меңгеріп жатыр. Біліктілікті арттыру курсы облысымызда қарқынды жұмыс атқаруда. Ағылшын тілін үйретуге бағытталған дайындық курсын Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сəтбаев, Балқаш қалаларында ASBT КОМПАНИЯСЫ (Astana School of Business and Technology) мемлекеттік тапсырыс бойынша жүргізуде. Әр топта 20 тыңдаушыдан. Облыс бойынша барлығы 262 тыңдаушы қатысуда. Аталған курс ағымдағы жылдың 10 мамырынан желтоқсан айының 25 жұлдызына дейін өткізілмек. Курс соңында тыңдаушыларға ағылшын тілін СEFR (Common Europen Framework of Reference) деңгейінде меңгергендігі туралы жане «CLIL» халықаралық сертификаты табысталады.

Аяжан МӘДИБЕКОВА,

ҚарМУ-дың студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button