Педагог жалақысы көбейеді
Педагог жалақысының көлемі жөніндегі мәселе Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылауға қатысты кеңейтілген отырыста көтерілді.

– Мемлекет басшысының тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бұл – келесі жылдан бастап педагогтердің жалақысы 25%-ға көбейеді деген сөз, – деді өз сөзінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, Заң жобасында мұғалімдердің өз құзыретін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары қарастырылған. Сондықтан, Заң жобасы шеңберінде мұғалім мәртебесін арттыру жөніндегі жаңашылдықтар барлық мұғалімдерге қатысты. Осы орайда, мектептерде педагог қызметкерлердің әлеуеттік сапасын арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі бар ұстаздар үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төлеу көзделеді.
Аяулым СОВЕТ