Спорт

Отбасылық сайыс өтті

«Шаңырақ» орталығы көпбалалы отбасылар арасында «Әкем, анам және мен – спортшымыз әулетпен» атты спорттық сайыс ұйымдастырды. Бес отбасы сегіз спорт түрінен сайысқа түсті.

Айта кетейік, тартысты шара 1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай ұйымдастырылды.

– Ұйымдастырған «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты «Талбесік» көпбалалы аналар одағы» қоғамдық бірлестігі орындап отыр. Бізді қолдаған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, Қазыбек би атындағы аудан әкімдігіне, облыстық жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесіне алғысымыз шексіз, – дейді «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының басшысы Ләззат Қожахмет.

Тартысқа толы бәсекенің Бас жүлдесін «Tobyqty» командасы – Ибраевтар отбасы иеленді. II орынды «Aбай-team» командасы – Махмутовтар отбасы алды. III орынды «Ақберен» командасы – Ахметовтер отбасы қанжығаға байлады. Ал, «Белсенді команда» номинациясы «Qazaq saqshy» – Аят әулеті мен «Тек алға!» командасы – Ким отбасына бұйырды. Сондай-ақ, командалық жүлдеден бөлек, «Білекті әке», «Алғыр ана», «Жүйрік бала» номинацияларының жеңімпаздарын анықтады. Жарыс жеңімпаздарына кубок, медальдар және сыйлықтар табыс етілді. Сыйлықты «Шаңырақ» орталығы, «Антифриз ZEREK» компаниясының жетекшісі Қуаныш Мұратұлы мен «Жансая» мейрамханасы ұсынды.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button