От жағушы отбасына -1 млн. теңге

Шахан қаласындағы құлаған үйде от жағышуы болып жұмыс істеген марқұм Мейрамбек Жиенбаевтың жолдасына арнайы құрылған қайырымдылық қорынан 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілетін болды. Бұл туралы қайырымдылық қорының төрағасы Жамал Мамерханова хабарлады.

 

— Біз ақылдаса келе марқұмның отбасына 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетіміз деп шештік. Қалай болғанда да ол кісілер – сол апаттан зардап шегушілердің бірі. Ақша марқұмның жолдасы банктен жеке шот ашқан кезде бірден аударылады. Марқұмның отбасы Өзбекстан азаматтары болғандықтан, қазіргі таңда кейбір құжаттардан қиындықтар туындап жатыр.

Марқұмның жолдасы жұмыс істемейтін болғандықтан, жерлеу рәсіміне қайырымдылық қоры көмектесті. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының бірінші жұлдызында Шахан кентіндегі тұрғын үйдің қазандығы жарылып 9 адам көз жұмған болатын. Жарылыс болған күні кезекшілікте болған басты куәгер Мейрамбек Жиенбаев сол күні із-түссіз жоғалып кеткен. 1 сәуір күні Шахан кентіне жақын иен даладан марқұмның денесі табылған болатын.

Шолпан САНАҚБАЙ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.