Руханият

Қосылып қатар аққан бұлақтардай

Ғашықтар күнін атап өту бұдан 20 жыл бұрын ұсынылған екен. Десек те, 2011 жылдан бастап атаулы күн «Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні» болып күнтізбеге енді. Қос жүректің бір-біріне алып ұшып асыққанының көрінісін баяндар Ғашықтар күні келіп қалды. Осы күнге орай 14 сәуірде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қарағанды Кеншілер мәдениет сарайында  «Біз екеуміз» атты облыс­тық отбасылық байқау өтпек.

 

Бұл байқау бұрынғыдан өзгерек деуге негіз бар. Себебі, сайысқа түсер жұптың шынайылығы, шаңырақ шаттығы, келін ибасы мен отағасының жігері анықталар байқау болмақ.

Байқау үш кезеңнен тұрады. Оның ішінде алғашқы кезеңдегі таныстыру, «Өнерлі жанұя» және «Дәстүр – асыл қазынам» деп екіге бөлінеді. Екінші турда әр қатысушы өздері дайындаған шығармаларын ұсынады. Оған мыналар кірмек. Ән айту, би билеу, монолог оқу және музыкалық аспапта ойнау. Ал, үшінші кезеңде қатысушылар отбасымен бірге ұйымдастырған ұлттық әдет-ғұрып түрлерін (сәлем салу, қыз айттыру, сүндет той, қалжа той, қазық майлау, бесікке салу, тымаққа салу) жаңғыртып сахнаға алып шығуы керек.

Жалпы, қазақы салттың ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына осындай игі шаралар мұрындық болмақ қашанда.

Шарада жаңа құрылған жас шаңырақтың керегесінің кең болуына, отбасы іргетасының мызғымас берік болуына жетелер соған бейімдер міндеттер бар.

Мысалы ән, музыкалық шығарма, монолог жоғары деңгейде MP3 форматында жазылуы шарт. Орындалатын шығарманың авторы мен қатысушылардың толық аты-жөні көрсетілуі қажет. Сондай-ақ, аталған байқауда фонограммамен (+) ән айтуға рұқсат етілмейді.

Жан АМАНТАЙ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button