Осыдан 100 жыл бұрын

    Осыдан тура бір ғасыр бұрын Ресейде февраль революциясы болған. Ленин жарықтық революциялық ситуацияны: «Жоғарыдағылар бұрынғыдай басқара алмайды, төмендегілер бұрынғыдай өмір сүре алмайды» деп Ресейде революцияның пісіп жетілгенін дәлелдейді. (КазГУ-де оқып жүргенде саусақтарымыз ойылғанша КПСС тарихын конспектілегенде есте қалыпты). Тегін адам таз бола ма? Айтқаны айдай келіп, Ресейдің Ақ патшасы Николай ІІ 1917 жылғы февраль революциясының дүмпуімен өз еркімен тағын тастап тайып тұрды. Алып империяның бүкіл билігі Уақытша үкіметке көшті. Самодержавиялық Ресейдегі патшаның губерниялардағы, уездердегі, деревня мен ауылдағы билік буындары тарап, Уақытша үкіметтің жергілікті жерлердегі атқарушы комитеттері құрылады, анығында демократиялық жолмен сайланады. Ақ патшаның отарындағы бұратана Қарқаралы уезіндегі сол кездегі жағдайды, Құдай тілеуін берсін, қарағандылық өлкетанушы Юрий Попов архивтерді ақтарып, көп деректерге жан бітіріп, сол кездегі қазақтың сорпа бетіне шыққан айтулы азаматтарының аты-жөндерін әйгілепті. Ю.Поповқа мың да бір алғыс. Соған орай осыдан жүз жыл бұрын ғұмыр кешкен, ел басқаруға араласқан аталарымыздың аруағы разы болсын деген ниетпен аты-жөндерін қайта бір жаңғыртқанды жөн көрдім. Ұрпақ парызы ғой. Басқасын айтпағанда бәріміз жақсы білетін Ақбайдың Жақыбы, Нарманбет Орманбетов, Смахан Бөкейханов, Әміре Спанов бастаған қазақтың игі жақсылары халық қамын ойлап, билікке араласуға білек сыбана кіріседі. Осы тізімдерде аттары әйгіленген аталарымыздың аты-жөнін бүгінгі немере-шөберелері оқып, кеуделерін мақтаныш кернесін деген мақсат менікі.

Сонымен, Уақытша үкіметтің Семей губерниялық атқару комитетінен Нұрғали Құлжанов пен Николай Вайсер 1917 жылы 15 мартта Қарқаралыға комиссар болып келеді. Қарқаралыда бірде-бір саяси партия, қоғамдық орган болмаған. Халық казактардың жиналысына, патша чиновниктеріне, анығында жергілікті әскерлерге бағынған. Уақытша үкіметтің қос комиссары уезде атқарушы комитет құру үшін әртүрлі сословиелер қамтылатын комитеттер мен қоғамдар құрады әуелі. Содан кейін барып олар ұсынған делегаттар Уездік атқару комитетін, президиумын сайлайды. Енді сол тізімдерді келтірейін.

1917 жылғы 6 марттағы жағдай бойынша болыстардан ұсынылған уәкілдер (делегаттар)

Абыралы – Ахмет Бақтыбаев, Төлеубай Шантин, Жөнебай Қияқов;

Ақсары – Смаил Бәйтенов, Сәдуақас Мыңғырбаев;

Ақшатау – Бодаубек Райымбеков;

Балқаш – Нарманбет Орманбетов, Шұғайыпбек Ахметов;

Берікқара – Жақып Ақбаев, Мұстафа Шантин;

Дегелең – Смағұл Бекбауов, Сыздық Тұтқұшов;

Дастар – Жәлел Смағұлов, Шайқы Мұсатаев (Тәттімбеттің немересі);

Кент – Әміре Спанов, Әбжан Ноғаев;

Қу – Нығмет Нұрмақов, Нығмет Сағатов;

Қызылтау – Рақымбай Сапақов, Нарымбек Бодықов;

Қотанбұлақ – Әмірбек Шалымбеков;

Мойынты – Мұқажан Байыров, Шәкірбек Ержанов;

Нұра – Аманбек Тәтімбеков, Тұрсынбек Қашкенбаев;

Сарытау –Тентік Аламанов;

Темірші – Шәйкен Қарымсақов, Мұхамедия Оспанов;

Тоқырауын – Жүсіпбек Асанов, Смахан Бөкейханов;

Шұбартау – Төлеу Әзімбаев, Исағұл Меңаяқов;

Едірей – Жағыпар Ыбыжанов, Айғожа Теміржанов;

1917 жылғы 6 марттағы жағдай бойынша Қарқаралы

қаласындағы мұсылман

тұрғындардың жиналысы

Татар тұрғындарынан – Мұқсин Бекметов, Фатих Бекметов, Махмуд Бекметов, Қасым Мамлеев, Ғалымхан Старков, Ғинатолла Орманов;

Қырғыздардан (қазақтардан) – Жақып Ақбаев;

Сарттардан – Оспанбек Әбдин, Саидмұрат Исалиев;

Бұқарлықтардан – Махсұдолла Фаизов, Хисмадолла Файзов;

Қарқаралы уезіндегі

фельдшерлер қоғамы

1917 жылғы 10 марттағы жиналыста Аманбай Шығыров делегат болып сайланды.

Қатысқандар – Мұхамедия Оспанов, акушерка – Чигирова, Қарқаралы станица фельдшері Владимир Зотов, Төлеубай Шантин, Әсет Сембаев.

Желтау заводының (Екібастұз

заводының бөлімшесі)

жиналысы

Жиналыс 1917 жылы 13 мартта өтеді. Жиналысқа 30 адам қатысады. Делегат болып Нығмет Нұрмақов, Хасен Дайыров, Ғабдолла Ноғаев сайланады. Жиналыс хаттамасына Теміржан Іңкәрбаев, Ғали Сейсенов, Қарабай Ыбраев, Баязит Бегалин, Шәріп Балтин, Рахымберлі Жетпісбаев, Төлеубай Тілеубеков, Садық Ақылбеков және басқалары.

Хаттаманы №3 Қу болысының ауыл старшинасы Адам Жүсіпов бекітеді.

Козьма-Демьянов және

Степанов жұмысшылар

жиналысы

Жиналыс 1917 жылы 15 мартта өтеді. Делегаттар болып Тәти Еркебаев, Мұстафа Шантин, Смаил Бәйтенов сайланады.

Жиналысқа Ғұмар Нұрмұхамедов, Бәке Ержанов, Сейіт Ешжанов, Арқарбай Еркешов, Төлеубай Оспанов, Жәке Ысқақов, Хасен Тышқанбаев және басқалары қатысады.

1917 жылғы 16 мартта Қырғыз уездік комитетінің құрылуы

Біз Қарқаралы уезі қырғыздарының (қазақтарының) өкілдері бастан өткізіп отырған жағдайдың өзектілігіне орай, қырғыздар (қазақтар) үшін заң жобаларын жасау қажеттігіне орай жергілікті және облыстық комитеттермен қарым-қатынас жасау үшін қаулы етеді:

1. Қарқаралы уездік қырғыз (қазақ) комитеті құрылсын.

2. Семей облыстық қырғыз (қазақ) комитетінен олар жасаған Жарғыны жіберу сұралсын.

3. Комитет мүшелігіне, ұлтына, дініне, нәсіліне қарамастан қабылдансын.

4. Мүшелік жарна бес рубльден кем болмасын.

5. Комитеттің құрылғаны туралы уезд тұрғындары хабарландырылсын.

6. Қырғыз (қазақ) комитетінің құрылғаны туралы қаулының көшірмесі танысу үшін Қарқаралы қалалық басқармасына жіберілсін.

7. Комитет мүшелерінен Совет, ал Совет мүшелерінен Президиум құрылсын.

8. Уездік комитет советіне мүше болып болыстардан мыналар сайлансын:

Абыралы – Төлеубай Шантин, Ахмет Бектібаев, Тоғымбай Тамаев;

Ақбота – Жұмабай Рахымберлин, Темірбай Сәтиев;

Ақсары – Қасым Сәнекин, Смаил Бәйтенов, Нұржан Қойбасов;

Ақшатау – Амантай Аманбаев, Бодаубек Райымбеков;

Балқаш – Нарманбет Орманбетов, Өмірбек Ахметов;

Берікқара – Жақып Ақбаев, Мұстафа Шантин, Жәкей Сартов;

Бөрілі – Хасен Дайыров, Орынбасар Матақбаев,

Дағанделі – Бейсенбай Тойсарин, Әбдірахман Жүнісов,

Дегелең – Сыздық Тұтқышов, Смағұл Бекбауов, Ешмағамбет Түгелбаев;

Дастар – Жәлел Смағұлов, Ахмет Көрдеубаев;

Кент – Әміре Спанов, Кәрібай Матаев, Абдолла Ноғаев;

Қотанбұлақ – Жақыпбек Смаилов, Жүсіпхан Нұржанов;

Қу – Хасен Ақаев, Нығмет Нұрмақов;

Қызылтау – Нарымбек Бодықов; Түлік Титақов;

Мойынты – Мұқажан Байыров, Райымқұл Сарбасов, Шәкірбек Ержанов;

Нұра – Ахметжан Айымбетов, Тұрсынбек Мұсатаев;

Сарытау – Тыныштық Аламанов, Есжан Бердікеев;

Сарыбұлақ – Досберген Төкебаев;

Темірші – Әмірхан Ермеков, Шәйкен Қарымсақов;

Тоқырауын – Жүніс Шоқабаев, Сарыбас Мәмбетов;

Шұбартау – Төлеу Әзімбаев, Исағұл Меңаяқов;

Едірей – Жағыпар Ыбыжанов, Ерғали Жаунықбаев.

Сондай-ақ, Қарқаралы қаласынан Оспанбек Әбдин, Ахмет Аяғанов, Ғали Әділханов, Мұхамедсадық Аманбаев (мешіт имамның көмекшісі), Мұқсын Бекметов, Смахан Бөкейханов, Мұхамедия Оспанов, Сәдуақас Мыңғырбаев, Сыпатай Райымбеков, Рахымбай Сапақов, Айса Тоқтаров, Аманбай Шығыров сайланады.

Жақып Ақбаев советтің төрағасы, вице-төрағасы Нарманбет Орманбетов пен Рақымбай Сапақов, советтің хатшысы Смаил Бәйтенов, хатшының көмекшісі Ахмет Бектібаев болады.

Президиумға мүше болып Нарымбек Бодықов, Амантай Адамбаев, Төлеу Әзімбаев, Хасен Ақаев, Хасен Дайыров, Сыздық Тұтқышев, Сыпатай Райымбеков, Садуақас Мыңғырбаев, Шайкен Қарымсақов, Мұқажан Байров, Жәйкей Сартов, Аманбай Шығыров, Смағұл Бекбауов, Нығмет Нұрмақов сайланады. Казначей болып Смахан Бөкейханов тағайындалады. Қарқаралы уездік қырғыз (қазақ) комитетінің бірінші хаттамасына Жақып Ақбаев қол қояды. Басқа хаттамаларға (көбісі сақталмаған) Нарманбет Орманбетов қол қояды.

Жауынгерлерге және олардың отбасыларына көмек жөніндегі уақытша мұсылман комитетінің Қарқаралы бөлімшесі құрылады

Жиналыс 1917 жылғы 17 мартта өтеді.

Делегаттар болып Ғинатолла Орманов, Мақсудин Фаизов және Жәміл Бекметов сайланады.

Жеке саудагерлер қоғамы

Бұлардың да жиналысы сол күні өтеді. Делегат болып Сайдмұрат Исамұхамеджанов сайланады. Жиналысқа Мұқсин Бекметов, Ғинатолла Орманов, Ғисматолла Файзов, Құсайын Кәрімов, Әлібай Сыдықов, Тоқсын Атажанов, Нәбиқожа Балтақожин, А.Старков, Мақсудин Файзов, Махмуд Бекметов, Суфиджан Шарифходжаев және 13 саудагер сайланады.

Еңбекшілердің

қалалық қоғамы

Уезд бойынша санақшылар, болыс писары, слесарлар, ұсталар, сыршылар, қасапшылар, тас қалаушылар, ағаш ұсталары, шыны салушылар және чеботарлар, барлығы 287 адам есепке алынған. Бұлардың да жиналыстары 17 мартта өтеді. Қоғам төрағасы болып Смағұл Бекбауов, вице-төраға болып Шайкен Қарымсақов, хатшы болып Төлеген Тайтақов, казначейлікке Әбжан Ноғаев сайланады. Басқармаға Ахмет Бектыбаев, Шайкен Қарымсақов, Кәрім Төлеубаев, Жүсіпбек Асанов кіреді. Делегат болып Смағұл Бекбауов сайланады.

Қарқаралы уезінің несиелеу серіктестігі

Бұлардың жиналыстары 17 мартта өтеді. Басқармаға 22 адам сайланады. Қу болысынан Хасен Ақаев, Махат Ақаев, Жаппас Ақаев, Нұғман Құлманов, Баймұхан Аманбаев, Рақымбай Сүлейменов;

Ақсары болысынан Смайыл Бәйтенов, Хасен Бәйтенов, Құсайын Садырбеков, Хасен Садырбеков;

Кент болысынан – Ғабдолла Ноғаев, Рахымберлі Оңғарбаев, Жетпісбай Оңғарбаев басқармаға кіреді.

Қарқаралы уезі қырғыздарының (қазақтарының) тұтынушылар қоғамы

Бұл жиналыс та сол күні өтеді. Делегат болып Жақып Ақбаев, Нарымбек Бодықов, Мұхамедия Оспанов сайланады.

Тері илейтін шағын заводтардың Ресей қоғамы. Қарқаралы

қаласындағы бөлімшесі

Бұлардың жиналысы 18 мартта өтеді. Төраға және делегат болып Құсайын Кәрімов сайланады. Хаттамаға Афиятолла Орманов, Құсайын Ерзин қол қояды.

Қарқаралы қаласындағы қызметшілер мен үкімет чиновниктер қоғамы, Пригородный село тұрғындарының жиналысы қала уәкілдерінің төтенше жиналысы, мен қоғамдық ұйымдары Қарқаралы қоғамдық ұйымдар мен армия комитетін құрады. Комитеттің құрамы 27 адамнан 1917 жылы 20 мартта бекітіледі.

Қырғыз (қазақ), татар, сарттар, бұқарлықтардан:

Жақып Ақбаев, Берікқара болысы;

Оспанбек Әбдин, Қарқаралы қаласы;

Смаил Бәйтенов, Ақсары болысы;

Мұқсын Бекімет­ов, Қарқаралы қаласы;

Нарымбек Бодықов, Қызылтау болысы;

Фатих Бекіметов, Қарқаралы қаласы;

Нарманбет Орманбетов, Балқаш болысы;

Мұхамедия Оспанов, Қарқаралы қаласы;

Бодаубек Райымбеков, Ақшатау болысы;

Әміре Спанов, Кент болысы;

Мұстафа Шантин, Берікқара болысы;

Төлеубай Шантин, Абыралы болысы;

Мақсұт Файзов, Қарқаралы қаласы.

Қалалықтардың басқа сословияларынан Роман Азбукин – мировой судья, Гаврил Рязанцев – есаул, Яков Ситников – қалалық староста, Павел Чемоданов – нотариус, Василий Матвеев – мал дәрігері, барлығы 14 адам сайланады.

1917 жылғы 20 мартта жаңадан жасақталған уездік біріккен атқару комитеті (Қарқаралы қоғамдық ұйымдар мен армия комитеті) президиумға 7 адам сайлайды. Дауыс беру Н.Вайсер мен Н.Құлжановтың қатысуымен жасырын өткізіледі. Төраға болып А.Лысенко, төрағаның орынбасары болып Смайл Бәйтенов, хатшы болып П.Чемоданов сайланады. Президиум мүшелігіне Рақымбай Сапақов, Е.Азбукин, Әміре Спанов, Мақсұт Файзов, Жақып Ақбаев бекітіледі.

Осы кезеңде ақ патшаның оязы Л.Макаревич жаңа үкіметке бағынып, қызметін босатқаны жөнінде Семейге телеграмма салады.

Сөйтіп, Уақытша үкіметтің Қарқаралыдағы атқару комитеті жұмысқа қызу кірісіп кетеді. Ресей империясының отарлық қамытынан есеңгіресе де аумалы-төкпелі сын сәтте Алаш арыстары мен қазақтың игі жақсылары тез ес жиып, елінің, жерінің екі тізгін, бір шылбырына ие болуға қам-қарекет жасағаны осы архив деректерінде сайрап тұр.

Алдарында әлі талай құз бен қия, ор мен жар күтіп тұрған. Сол аяулы азаматтардың көбі Кеңес дәуірінде қуғын-сүргін құрбаны болып, атылды, айдалды. Шілдеде Алаш партиясы құрылғанмен бәлшебектер билікті басып алып, маңдайының соры бес елі қазақ тағы жетпіс жыл қызыл империяға бодан болған. Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткендей бүгінгі Тәуелсіздік оңайшылықпен келген жоқ. Бұл тарихи қиын кезеңдер басқа тараптағы әңгімелер, әрине.

P.S. Тағы да қазір Санкт-Петербургте тұратын өлкетанушымыз Юрий Поповқа алғыс білдіре отырып, ол жинаған архив деректерін пайдаланғанымды құлаққағыс етемін. Сандық түбінде қалып, атаусыз, айтылмай кете ме деген қауіп менікі.

Мағауия СЕМБАЙ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.