Ресми

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өту тәртібі белгілі болды

Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы бір күнде – 19 наурызда өтеді.

Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтардан басталып, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18.00-де басталып, 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін жүргізіледі.

18 наурыз – тыныштық күні.

19 наурыз – сайлау күні.

Сайлау күні учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button