АймақОсакаров

Осакаров ауданында жоғалған балықшы іздестірілуде

72 жастағы ер адам демалыс күндері Қ.Сәтбаев каналына қайықпен шығып, белгіленген уақытта үйіне оралмаған. Қазір оны төтенше жағдайлар департаменті, аңшылар қызметі, сондай-ақ туыстары іздестіруде.

Сурет пен видео: ТЖД

– Осакаров ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдың су айдынында төтенше жағдайлар қызметі, жоғалған адамның туыстары мен жергілікті балықшылар 11 мамыр күні таңғы сағат 08:00-де балық аулауға кеткен 1951 жылы туған ер адамды іздестіріп жатыр. Ол үрлемелі қайықпен жүзіп кетіп,  қайтып оралмаған, – деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ департамент  мамандары балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң  сақтау керектігін еске салады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button