Бас тақырып

Егісті ауданның екпінді дамуы

Осакаров ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қалай? Аудан тұрғындарын қандай мәселе толғандырады? Егісті өңірдің кірісі мен шығысы, шешімін тапқан, әрі түйіні тарқатылуы тиіс мәселелері бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте ауданның әкімі Руслан Нұрмұханбетов айтып берді.

Сурет: eldala.kz сайтынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік саясатта әлеуметтік-экономикалық дамудағы теңсіздікті азайтуға айрықша мән беру қажеттігін ұдайы назарда ұстайды.

Президент әр аймаққа тән міндеттерді жалпыұлттық басымдықтармен дұрыс ұштастыра білу қажеттігін, ұлттық даму жоспары аясында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру үшін нақты 25 міндетті айқындап, Үкімет пен әкімдер Өңірлерді дамыту жоспарларын бекітілген жалпыұлттық міндеттерге сәйкес жаңартуы қажет. Тұрғын саны миллионнан асатын қалалар еліміздің жаһандық бәсекелік қабілетінің тірегі, ал, облыс орталықтары өз өңірлері өсімінің өзегі болуға тиістігін атаған болатын өз Жолдауында.

Биыл Осакаров ауданына қарасты Молодежный кентінде блок-модульдік қазандық және Сарыөзек, Ошаған, Ақпан, Жұлдыз және Шұңқыркөл ауылдарында бес медициналық мекеме құрылысы басталады. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Батпақ және Озерное ауылдарының ішкі жолдары жөнделеді.

Сондай-ақ, ауданда Николаевка, Сенокосное, Садовое, Трудовое ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы аяқталады. Осакаров ауданындағы су құбырының жетінші кезегінің құрылысы жалғасады.

– Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету – аудандағы басым бағыттардың бірі. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Қаракөл ауылында су құбыры желілерінің құрылысы қолға алынады. Конкурстық рәсімдер басталды, – деді Руслан Нұрмұханбетов.

Молодёжный кентінің тұрғындары қыста үйлердегі батареяның жиі суық қалпында қалатынын, қазандықтың нашар жұмыс істейтінін айтып жиі шағымданады.

Сол ретте, әкім тағы бір маңызды міндет – Молодёжный кентінде блоктық-модульдік қазандық салу және үш көшеде жылу желілері жөнделіп, Осакаров кентінің қазандығында екі қосымша қазандық орнатылады деді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты электр қуатының жиі сөнуі орын алады. Молодежный – қалалық типтегі ауыл. Ондағы үйлердің 95%-ында орталық жылу бар. Екі қазандық жылу береді.

Руслан Нұрмаханбетов атап өткендей, жыл сайын нысанды жөндеуге бюджеттен қаражат бөлінеді. Алайда, бөлінген сомалар барлық мәселелерді шешуге жеткіліксіз.

– Бұл қазандық электр энергиясын, көмірді тұтыну және қызмет көрсету жағынан ең қымбат, – деп атап өтті Осакаров ауданының әкімі. Біз қанша ақша салсақ та, мұның бәрі тиімсіз болып отыр. Халықтан шағымдар көп түсті. Соңдықтан да мамыр айында жаңа блокты-модульді қазандықтың құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, рұқсат алдық, бізді облыс деңгейінде қолдады. Жаңа қазандық заманауи, арзан және тиімді болады. Оның қуат сыйымдылығы ескіге қарағанда әлдеқайда жоғары, – деді әкім.

Қазандықтың құрылысын аяқ­тау жаңа жылыту маусымының басталуына жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру 850 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ, Молодежный кентіндегі жылу желілерін жөндеуге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, аудан басшысы Осакаров ауылында қазандықты жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін екі жаңа қазандық орнатылады. Аудандық бюджеттен 28,6 миллион теңге бөлінді. Өткен жылы онда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, Байғабылов көшесіндегі жылу желілері жөнделді.

Тұрғын үй салу – тағы бір маңызды міндет. Осакаровкада биыл төрт 18 пәтерлі үй пайдалануға беріледі.

– Осы жоспарлармен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарлама бойынша біз Батпақ және Озерное ауылдарындағы кентішілік жолдарды жөндеп, бес елдімекенде су құбырларын салмақшымыз. Сонымен қатар, Осакаровканы газбен қамтамасыз ету басталады. Бізде жоба бар, қаржыландыруды күтеміз, – деп атап өтті әкім.

Әділет ШОПЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button