Бас тақырып
Осакаров қашан Сарыбел аталады?
Жыл басында Осакаров ауданын «Сарыбел» деп атау ұсынылған болатын. Ол ұсынысты облыстық ономастикалық комиссия мүшелері бекітіп, республикаға жіберген. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев осы сұраққа елордада ОКҚ алаңында өткен брифингте жауап берді.

Сарыбел – ауданның байырғы атауы. Сол атауды аудан тұрғындары қайта қайтару үшін қол жинаған болатын.
– Біз тиісті құжаттарды жинап, республикалық ономастика комиссиясына жіберген едік. Қазір хабарын күтіп отырмыз. Ол жақтан қашан хабар келетінін дөп басып айта алмаймын. Бұл жерде ешқандай саяси кедергі көріп тұрғанымыз жоқ, – деді аймақ басшысы.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz