Жаңалықтар

Қос жеңіс

   Ел чемпионаты шеңберінде өткен қос матчта да «Теміртау» атыраулық «Бейбарыстан» басым түсті.

Алдымен қарсыластар сенбі күні кездесті. Ойын теміртаулықтардың овертаймдағы жеңісімен тәмамдалды. Есепті 7-ші минутта «теміртаулық» Воронин ашты. 1:0.

9-шы минутта атыраулық Степаненко көрсеткішті теңестірді. 1:1. Екінші кезеңнің соңында атыраулық Митряков басымдықты екі еселеді. 1:2.

Ал, Воронин 49-шы минутта таразы басын теңестірді. 2:2. Сөйтіп, овертаймда жалғасқан ойында Зубрицкидің соққысы «Теміртаудың» мерейін үстем етті. 3:2.

Келесі күнгі ойында «Теміртау» «Бейбарыстың» адымын аштырмады. 20-сыншы минутта – Поляков, 26-ыншы минутта – Кудрявцев, 31-інші минутта – Воронин қақпашы Короваев қорғаған қақпадан саңылау тапты.

«Теміртау» – турнир кестесінің 5-інші сатысында. Алдағы екі матчта көкшетаулық «Арланмен» күш сынасады. Ойындар 21, 22 қараша күндеріне белгіленген.

Нұрқанат ҚАНАФИН

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button