Жаңалықтар

Қос департаментте – жаңа басшы

      Алмат ИМАНҒОЖИН Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Алмат Отжанұлы Иманғожин 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дипломын алған. Мамандығы бойынша – экономист және заңгер.

Еңбек жолын 1992 жылы Алматы қаласы, Калинин ауданы бойынша Салық инспекциясы қоғамдық ұйымдардың және басқа кірістерге салық салу бөлімінің маманы ретінде бастаған.

1993 жылдан 1995 жылға дейінгі аралықта Алматы қаласы бойынша Салық инспекциясы қоғамдық ұйымдарға, тұтынушылар кооперацияларға және басқа кірістерге салық салу бөлімінің аға салық инспекторы қызметін атқарған.

1998 жылдан Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің бастығы болды.

2009 жылдың мамырында Астана қаласына көшіп, онда 2014 жылға дейін Салық департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2014 жылдың қарашасында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатының, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалінің және «Салық қызметінің үздігі» атағының иегері.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

    ҚР Қорғаныс министрі бұйрығымен  Қайрат ӘБІШЕВ Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

 

Қайрат Балташұлы Әбішев – полковник. 1966 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келген.

1990 жылы Қарағанды педагогикалық институтын тәмамдаған. 2014 жылы Қазақстан-Ресей университетін бітірген.

1984-1986 жылдар аралығында Ауғанстанда әскери борышын өтеген. Төрт медаль иегері.

1984 жылы аға механик ретінде еңбек жолын бастаған.

1995 жылы Қарағанды облысы, Мичурин аудандық әскери комиссарының орынбасары қызметіне тағайындалған.

1996 жылы Қарағанды облыстық әскери комиссариаты үшінші бөлімі бастығының аға көмекшісі қызметіне бекітілген.

2002-2005 жылдар аралығында Қарағанды облысы Абай аудандық әскери комиссары қызметін атқарды.

Соңғы тағайындауға дейін Теміртау қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментін басқарды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button