Поэзия

Қос бауырыма арнау:

Соғысқа қос бауырым

боздақ кетті,

Олар жайлы айтсам деймін

қозғап көпті.

Жан анам ұлдарының

жолын тосып,

«Келер» деп үміт үзбей

боздап өтті.

Бір үміт жетелеуші еді

жүрегінде,

«Аман келсін» деуші

еді тілегінде.

Рамазан мен Әбетайын

еске алғанда,

Ерекше нұр болушы еді

реңінде.

Көп жылдар өткен тарих

арадағы,

Жазылды сұм соғыстың

жаралары.

Бір Тәңірден басқаның

бәрі өзгерді,

Аңсаумен, сағынышы кетті-ау,

бірге анадағы.

Қос бауырым сағындырдың

өте мені,

Көз салушы ем, қара жолға

төтедегі.

Қызығып, сырттан қарап

жүретінмін,

Өзгелердің оралғанда көкелері.

Әлем халқы жеткенде

Жеңіс күнге,

Қуаныш нұр төгілген кірпіктерге.

Тоса-тоса бауырларды

шаршағанда,

Қалушы едім, бір сәтте

батып мұңға.

Сұм соғыстан қос бауырым

оралмады,

Қайтып кеп, туған жерге

қона алмады.

Өзгелердің еркелетіп

айтқан сөзі,

Қос көкемнің дәл өзіндей

бола алмады.

Бір туғанын қашан да

сағынбас кім,

Ешкімге «бауыр бол»

деп жалынбаспын.

Мәңгілік қан майданнан

оралмаған,

Қос бауырын жоқтап

жүрген қарындаспын.

Талайлардың сұм соғыс

қанын шашты,

Бейбіт күн бар халықтың

бағын ашты.

Ағаларды ардақтап

жоғалтпайық,

Бауырлар сыйлаңдаршы

қарындасты.

Айналар шарықтаса көңіл

құсқа,

Адамдар ойлаңдаршы

ғұмыр қысқа.

Ешқашан бармаңдаршы

жамандыққа,

Не жетер сыйластық пен

амандыққа.

Шәрбан МҰХАМЕДИЯҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button