Жаңалықтар

Қос қарағандылық – апта үздігі

Pro Hokei ligasy жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы қаңтар айының үшінші аптасындағы үздіктерді анықтады. Мұнда жанкүйерлер онлайн дауыс беру арқылы «Үздік гол авторы», «Үздік сейф» және «Әсерлі қимыл» аталымы бойынша кіл мықтылар анықталды. Үздіктер қатарында қарағандылық «Сарыарқа» клубының қорғаушысы Егор Наместников пен шабуылшы Глеб Зайцев те бар.

Суреттер: pro.ligasy.kz сайтынан

«Ертіс» клубының қақпашысы Валерий Штукерт жанкүйерлердің шешімімен «Үздік қорғаушы» аталымында топ жарды. «Ертіс» пен «Сарыарқа» клубтарының арасындағы кездесуде сәтті өнер көрсеткен Валерий Штукерт апта үздігі деп танылды.

«Сарыарқа» қорғаушысы Егор Наместников «Әсерлі қимыл» аталымы бойынша үздік шықса, шабуылшы Глеб Зайцев «Үздік гол» авторы атанды.

Айта кетейік, бүгіннен бастап осы аптаның үздіктерін анықтау мақсатында Pro Hokei ligasy сайтында дауыс беру басталды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button