АбайАймақ

Орталық болып ашылды

Абай ауданындағы Құрма ауылының клубы мектептің бұрынғы жартылай қираған ғимаратына орналасқан еді. Оны қайта жаңғырту жұмысын 2021 жылдың тамыз айынан бастап «Қазжолқұрылыстехникасы» ЖШС қолға алып, жобалық-сметалық құны 543 056 мың теңгені құрайтын нысанды қалпына келтіріп, өткен айдың соңында пайдалануға берді.

Соған байланысты 28 ақпанда Құрма ауылында бұрынғы клубтың мәдени-сауық орталығы болып ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға арнайы келген облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жиналған жұртшылықты орталықтың ашылуымен құттықтап, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында атқарылған істің мақсаты да ауыл тұрғындарының өмірі мен тұрмысын жақсарту, елді мекенді тұрақты дамыту екендігін атап өтті.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін қаражат Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының мақсатты трансферттері мен аудандық бюджеттен бөлінген. Сол ақша мезгілінде игеріліп, нәтижесінде осынау үш қабатты ғимарат жаңарып, үр жаңа кейіпке енгендей. Жалпы аумағы 2 416 шаршы метр болатын орталықта спорт және компьютер залдары, 60 орындық акт залы, кітапхана, үйірмелер жұмыс істейтін болса, бірінші қабатына ауылдағы пошта, полиция бөлімшелері мен басқа да мекемелер қоныстанады.

Құрмалықтардың қуанышында Абай ауданының Құрметті азаматы, «Родники» халық қорының жетекшісі София Волощук бұл орталықтың ауылдың рухани өміріне тыңнан тыныс береріне сенім білдірді.

Жаңадан есігін ашқан Мәдени-сауық орталығына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев дыбыс күшейткіш аппарат сатып алу үшін 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Салтанат соңы «Айналайын», «Перезвоны», «Жастар» вокалдық топтары, «Кәусар» халық аспаптар оркестрі мен басқа да өнер ұжымдарының концертіне ұласты.

Ержан ИМАШ,

Абай ауданы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button