Жаңалықтар

Орталық ашылды

          Қарағанды қаласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды.

Аталған орталық – ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық прокуратура іске асырған пилоттық жоба болып табылады.

Жоба мақсаты – азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай, құқығын жедел түрде қорғау арқылы халықтың мемлекеттік және құқықтық мекемелерге деген сенімін арттыру.

Сонымен қатар, орталықта құқық қорғау және атқарушы органдардың мемлекеттік мекемелердің іс-әрекетіне шағымдану мәселесіне байланысты қызмет көрсетіледі. Аталған орталықтан қарағандылықтар ІІД, пробация қызметінің, сот актілерін орындау департаменті қызметкерлерінің, адвокаттардың, медиаторлардың, прокурорлардың кеңестерін алуға болады. Барлық кеңестер тегін жүргізіледі. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін орталықта электрондық кезек жүйесі орнатылған.

Құқық қорғау орталығы Можайский көшесі, 13 үй мекен-жайы бойынша орналасқан.

Қарағанды облысы

әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button