Спорт

Орны – көш соңы

  Жексенбі күні «Шахтер» «Астанамен» кездесті. Көш басындағы клубқа қарсылық көрсету қарағандылықтар үшін қиынға соқты. Кабананга бір өзі үш гол салды. Ал, матч қорытындысы – 4:1.

Конголық легионер алғашқы голды баспен ұрып кіргізді (10-шы минут). 1:0. Бойы екі метрге жуық Кабанангаға бұл соққыны жасау түк қиын болмады. 19-шы минутта Дмитрий Шомконың пасын жетер жеріне жеткізді. 2:0. Бес минут өте Серікжан Мұжықов елордалықтардың басымдығын ұлғайтты. 3:0.

Қарағандылықтар да қарап жүрмеді. Бірінші таймда Ринат Хайруллинді алмастырған Айдос Тәттібаев 52-ші минутта қақпаны алды. 3:1. Дегенмен, «астаналықтардың» мысы басым еді. Тағы сол Кабананга 56-шы минутта есепті 4:1-ге жеткізді.

Әзірге, «Шахтер» турнир кестесінің соңынан тапжылар түрі жоқ. Уақыт көрсетер.

Әйтсе де, жағымды жаңалықтар да баршылық. Қазақстан Кубогі жартылай финалының алғашқы матчында «Шахтер» «Атырауды» 1:0 көрсеткішімен ұтты. Бұл ойында Дәуренбек Тәжімбетов гол салды. Келесі мәрте қарсыластар 21 маусымда кездеседі.

 Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button