Жаңалықтар

Орны бөлек Ошекең…

О, Ошеке, жайсыз, ұзақ мына жылда,
Түсіпсің-ау жан қиналарлық ауыр сынға.
Емхана, аурухана, аптекаға жиі бара,
Іздепсің-ау бойыңды алған дертке дауа.

Сабырлы өте, ақжарқын, абзал досым,
Көрсетпейтін еш ренішін, көздің жасын.
Жұбайыңнан басқаларға салмақ салмай,
Төзіпсің-ау мына ауруға келген тосын.

Досқа ашық, мейірімің мол әр адамға,
Жақсылығың аз емес-тін туғанға да.
Ұмытылмас, есте ұстар не істедім деп,
Ақыл алтау, ойың жетеу, қиналдың ба?

Алла Тағала адамзатты сынға сала,
Берген ғой айрықша қып ақыл-сана.
Екі дүниенің бар екенін еш ұмытпай,
Өткерсін деп адами қасиетті ойға ала.

О, Ошке, не көрмедің бұл жалғанда,
Жас кезіңнен сынға сапты Хақ Тағала.
Тоғыз жаста жалғыз қалып әке-анадан,
Су мен отта шыңдалған болдың бала.

Не қырсықты көріпсің бұл өмірден,
Кездерің де болыпты-ау көп түңілген.
Адалдық та әділдікті бағытқа ұстай,
Өтіпсің-ау, сан тығырық, қиын жерден.

Бұл жалғанда, абзал аға, көп іс қылдың,
Еңбектене, талпынып, алға ұмтылдың.
Қайраттанып, қажымай ұрпақты ойлап,
Ұлтжанды да ұлағатты ұстаз болдың.

Физика мен математикадан білім бердің,
Информатика пәнін де нық меңгердің.
Ұрпақты тағлымды да ұлтжанды ете,
Ұлықтық та ұлағатты істер қылдың.

Жарқын аға, атпал тұлға, алғыр досым,
Жаныңда иман, қабырың нұрға толсын.
Жақсылығыңды Алла Тағала есепке ала,
Жатар орының о дүниеде жұмақ болсын!

Тілеуғали ӘМІРТАЙҰЛЫ,
әріптес досы.

Басқа материалдар

Back to top button