«Оралман» мәртебесінің уақыты ұзартылды
Алыстан ат арытып келген қандас бауырларға берілетін «Оралман» мәртебесінің уақыты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Тіркеу мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан, бұл шара оралмандарға, алдағы уақытта оңайлатылған түрде Қазақстан Республикасы азаматтығын алуда тиімді болмақ. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асып отыр.
Елімізде этникалық репатрианттардың бейімделуі мен кірігуі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Мәселен, оралман мәртебесін алғандарға азаматтыққа қол жеткізуге жеңілдетілген тәртіп бар. Басқа шетелдіктер Қазақстанда кемінде 5 жыл заңды негізде тұруы қажет.
2019 жыл 29 қазандағы жағдай бойынша Қарағанды қаласы Полиция департаментінің Михайлов полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінде «Оралман» мәртебесі ұзартылған 24 этникалық қазаққа қатысты азаматтыққа қабылдау жөнінде 18 материал тіркелді. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының азаматтығына – 13 азамат балаларымен қоса қабылданды.
Биыл Михайлов полиция бөлімі, көші-қон қызметінің қызметкерлері тарапынан қызмет көрсетілетін аумақта тұрақты тұратын барлық этникалық қазақтарға тізім бойынша аулалық аралау қолға алынды. Сонымен қатар, еліміздің азаматтығын алу мерзімінің аяқталуына қарамастан жеңілдетілген тәртіппен «Оралман» мәртебесін беру және ұзарту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Оралмандарды интеграциялауға бейімдеу», Қарағанды қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру» орталығында ҚР азаматтығын алу тәртібі түсіндірілген-ді.
Қазіргі уақытта аталған акция жалғасуда. Осыған байланысты этникалық қазақтарға «Оралман» мәртебесін ұзарту туралы, содан кейін, қажет көші-қон қызметінің тұрғылықты жері бойынша шешім алу үшін «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мекемесіне хабарласулары қажет. Басқарманың мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі, 43/7 үй.
Қарағанды облысы ПД
Қарағанды қаласы ПБ
Михайлов полиция бөлімінің
Көші-қон қызметі бөлімшесі.