Жаңалықтар

Оралдан ұпаймен оралды

«Шахтер» Премьер-Лига чемпионатының VІІ турында Оралға барды. Жергілікті «Ақжайықпен» өткен ойын тең есеппен тәмамдалды. 1:1.
Есеп алғашқы таймда ашылды. 26-шы минутта оралдық Берік Шаиховтың алыстан бағыттаған добы қақпа торынан табылды. 1:0.
Ал, екінші таймда «Шахтер» сапындағы Александр Володько қақпаны дәл көздеді. 54-ші минутта мергендігімен көзге түсті. 1:1.
Сөйтіп, қос тарап бір-бір ұпайды еншілеп тарқасты.
«Шахтер» қазір турнир кестесінің 5-ші сатысында. Алдыңғы лекте – «Астана» (22 ұпай), «Қайрат» (Алматы, 17 ұпай), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ордабасы» (Шымкент, екеуінде – 13 ұпайдан) бар.
«Шахтердің» келесі қарсыласы – «Астана». Ойын 5 мамырға жоспарланған.

Нұрқанат Қанафин

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button