Қор жұмысы қарқын алады
Ақтоғайлық «Жан жылуы» қайырымдылық қоры «Біз – біргеміз!» акциясы аясында көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп келеді.
Ақтоғай ауылының жастарынан құралған қордың ізгі істері туралы ауыз толтырып айтуға әбден болады. Көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бірнеше мәрте көмек жасады. Аталмыш іске ұйытқы болып, жастарды жұмылдыра білген Бекболат Мәжитов алдағы уақытқа да ауқымды жоспар түзілгенін айтты.
– Бұл жұмысты ұйымдастыру көптен көңілде жүрген еді. Бүгінде іске асыра бастадық. Әуелгіде аудан орталығындағы тұрмысы төмен отбасыларға бір реттік әлеуметтік пакеттер тараттық. Сонымен қатар, аудан орталығы іргесіндегі Шабанбай би, Қызыларай ауылдарына да жолымыз түсіп, ол жақтағы көмекке зәру бірдіекілі шаңыраққа қол ұшын создық. Кейін бұл бастамамызға ауыл тумалары, ел ағалары демеушілік танытып, жәрдемдесуге ниет білдірді, – дейді Бекболат Мәжитов.
Келешекте жомарт жандардың демеуімен қор жұмысы қарқын ала түспек.
Еркебұлан АЙТЖАН