Ресми

Қор биржасы мәлімдейді

Мәскеу қор биржасы (MOEX) АҚШ-тың санкциясына ұшырады және осыған байланысты доллар және еуро саудасын тоқтатты. MOEX – Қазақстан қор биржасының (KASE) акционері болғандықтан, санкциялар Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді деген сұрақ туындайтыны заңды. Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов енгізілген санкциялардың қалай әсер ететінін түсіндірді.

Сурет inbusiness.kz

– KASE-де қандай да бір өзгерістер болады деп ойламаймыз. Себебі, бүгінде Мәскеу қор биржасының KASE-дағы үлесі – 13%. Санкциялар 50% немесе одан да көп иелік ететіндерге қолданылады, – дейді Тимур Сүлейменов.

Одан бөлек, санкцияның валюта саудасына да айтарлықтай әсері бола қоймайды. Өйткені, Ресейде биржадан басқа рубль/доллар жұбы қатар сатылатын түрлі алаңдар бар.

– Ресейдің Мәскеудегі валюта айырбастау пункттерінде бір доллар 200 рубльге дейін көтерілді. Мұндай жағдай нақтылық пен сенімділік болмаған кезде орын алады. Бірақ, рубль өз деңгейінде. Жалпы, рубльдің, теңгенің бағамына мықты экономика мен төлем балансы әсер етеді, – деді Тимур Сүлейменов.

МОЕХ АҚШ-тың санкциясына ұшырағанына қарамастан, Қазақстан қор биржасы мен KASE клирингтік орталығы штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. «Сауда-саттық, клиринг және есеп айырысу стандартты регламентке сәйкес жүргізілмек» деп мәлімдеді Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметі.

Санкцияға қарамастан, KASE шектеулерді ескере отырып, Мәскеу қор биржасымен іскерлік қатынастарды жалғастыруды қарастырады.

Ұлттық Банк теңге бағамы өзгеріссіз қалады деп отыр. Сарапшылардың да болжамы – оң.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button