Коронавирус

Қорғану маскаларын киіп жүру ережелері

  1. Қорғану маскаларын кию адамдарды ауруды жұқтырудан механикалық қорғаныс ретінде қорғау үшін берілген ұсыныс және кейбір респираторлық вирустық аурулардың, оның ішінде COVID-19 таралуын шектеуі мүмкін. Бірақ масканы кию барабар қорғау деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз, сондықтан да басқа да шаралар бірге қолданылуы тиіс.
  2. Тұрғындар үшін қорғану маскаларын міндетті түрде кию келесі жағдайларда:
  • барлық адамдар жабық үй-жайларда, егер де әлеуметтік арақашықтық (дәріхана, дүкен, офис, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету ұйымы және басқалары) шараларын, сонымен бірге көлікте сақтау қиын болған кезде;
  • коронавирусты инфекцияға күдікті адамға көмек беру кезінде дені сау адамдарға;
  • коронавирус инфекциясына ұқсайтын (дене температурасының жоғарылауы, жөтел, түшкіру) ауру белгілері бар адамдарға көрсетілген.

Сонымен бірге аталған тармақ адамды міндетті орындауға міндеттейді және бұзушылық орын алғанда кінәлілерге әкімшілік шаралар қолданылады. 

  1. Жабық үй-жайлардан тыс жерлерде (көшеде) маскаларды кию халық арасында ауруды жұқтыру қаупін азайту үшін ұсынылады.

Мақсат –  адамдарды беттің кей бөліктеріне (мұрын, ауыз) ықтимал инфекцияланған қолмен кездейсоқ тиіп кетуінен қорғау. ДДҰ мәліметтеріне сәйкес орта есеппен алғанда адам минутына қолмен бетін 3-5 рет ұстауы мүмкін, бұл процесс бақылаусыз, қол кір болған жағдайда ауруды жұқтыру қаупін жоғарылатады.

Сонымен бірге, аталған тармақ ұсыныс ретінде жасалған, осыған байланысты, аталған ұсыныстарды бұзған адамдарға әкімшілік жазалау шаралары қабылданбайды.

  1. Маскалар қол антисептикалық құралмен өңделіп отырса немесе сабынмен жуылатын болса ауруды жұқтырудан қорғаудың тиімді құралы болады.
  2. Қорғау маскаларын тиімді кию үшін міндетті түрде бір реттік медициналық маскаларды пайдалану және жою ережелерін білу керек.
  3. Қорғану маскаларын пайдаланудың негізгі ережелері:
  • маска киер алдында, міндетті түрде қолды антисептикалық құралмен өңдеу немесе оны сабынмен жуу қажет;
  • масканы кигенде мұрын және ауыз жабық болатындай етіп кию керек, бет пен маска арасында саңылау болдырмай жауып тұруы тиіс;
  • пайдалану кезінде маскаға қол тигізуге болмайды; қол тиген кезде антисептикпен өңдеп және сабынмен жуу керек;
  • егер де масканы киген кезде ол дымқылданса, оны жаңасына ауыстыру керек, және бір реттік масканы қайтадан кимеген дұрыс;
  • масканы шешкенде сақ болып, көзге, мұрынға және қолға тигізбеу керек;
  • масканы шешкенде міндетті түрде оны резеңкесінен артынан ұстап немесе шеттерінен (масканың алдыңғы жағына тигізбей) және қалдықтарға арналған жабылатын контейнерге (пакетке) лақтыру керек; содан кейін қолды антисептикпен өңдеу немесе сабынмен жуу керек.

Басқа материалдар

Back to top button